Сақтық шаралары жалғасуда

Коронавирус инфекциясының алдын алуды одан әрі күшейту мақсатында қала деңгейінде бірнеше тиісті шара қолға алынды. Бұл жөнінде «AQSHAM» телеарнасының баспасөз орталығында өткен брифинг барысында баса айтылды.

Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Думан Кәрім, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гаухар Жалмурзина, қалалық емхана директорының міндетін атқарушы Бибігүл Усембаева брифинг барысында жан-жақты ақпарат берді.

Гаухар Шәріпқызының мәліметінше, қаламыз бойынша коронавирус індеті тіркелмеген. Тек туберкулезге қарсы диспансер жанынан ашылған провизорлық бөлімде 2 азамат бақылауда. Думан Кәрім төтенше жағдай жарияланғаннан бастап кеншілер шаһарында рейдтік шаралардың қолға алынып жатқандығын жеткізді. Барлық сауда орындары, кафелер мен түнгі клубтар белгіленген кестеге сәйкес түнгі сағат 22-00 дейін ғана жұмыс істеуде. Ондағы адамдардың сыйымдылығы 50-ден аспауы керек. Тәртіпке бағынбаған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексі 476 бабының 6 тармағына сәйкес жауапқа тартылады.

Бұдан бөлек барлық орындарда сақтық шараларын ұйымдас-
тыру міндеттелген. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқан азаматтар да заң алдында жауап береді.

Б.Усембаева сақтық шараларын күшейту мақсатында медициналық қызметкерлердің еселенген түрде жұмыс істейтіндігін айтты. Халық көп жиналатын орындарға бармауға, бара қалған жағдайда маска киюге кеңес берді.

– Маска тапшылығы орын алып жатқандығын жасырмаймыз. 10 мыңға жуық бетпердеге тапсырыс бердік. Таяу арада қаламыз-
ға жеткізілетін болады, – деді ол.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.