Құрметті жерлестер! Қымбатты сәтбаевтықтар!

Сіздерді табиғаттың оянуы, жаңаруы мен гүлденуінің көрінісі болған Наурыз мейрамы – Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз мерекесі – көпұлтты Қазақстанның ең жарқын және асыға күтетін мерекелерінің бірі. Біреулер осы мерекеде үлкендерге құрмет көрсетіп, батасын алса, біреулер наурыз тойы арқылы дәстүрлерді ұлықтауға күш салады, ал басқалар үшін бұл мереке отбасы, бала-шағамен бірге демалыс өткізуге тамаша мүмкіндік болып отырғаны анық.

Көктем әкелетін жылулықпен бірге Наурыз мейрамы адамдарға үміт сыйлап, бейбіт өмірге, ізгілік пен келісімге шақырады. Осы көктем мезгілінде барлық үйде және үй шаруашылығында адамдар тазалық жұмыстарын жүргізіп, көгалдандыру мен абаттандыруға ден қойып, жаңадан егін салып, болашағының негізін қалайды.

Наурыз – жаңа үміттер мен мүмкіндіктер беретін қуанышты мереке. Баршаңызға шуақты күн мен жылылыққа толы Наурыз мейрамы толағай табыс пен барлық жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін денсаулық, күш-қуат сыйласын.

Шаңырақтарыңызға бейбітшілік пен береке орнап, ізгі Наурыз мейрамында армандарыңыз орындалсын!

Ұлыстың ұлы күні үй – жанға, қора малға толсын! Ақ мол болсын! Мереке құтты болсын!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.