Əкімге айтарыңыз болса…

Біз – Мұса Жəлел көшесінің тұрғындарымыз. 20 жылдан бері жол мəселесін шеше алмай келеміз. Былтырғы жылы кəріздік құбырға əрең қол жеткіздік. Ендігі мəселе жолдың жоқтығы болып отыр. Көктем келе көшенің бойы көлкіген суға, батпаққа айналады. Көшеде бала түгілі үлкен адамдардың жүруі мұң. Оның үстіне былтырғы тартылған кəріздік құбырдан соң, жол бойы тегістелмей, ойдым-ойдым болып қалды.

Қаншама басшы келіп мəселені бір жақты ете алмады. Əне салынады, міне салынады деп кездесулерде айтқандарымен еш қайыр болмады.

Енді бұл мəселеге жаңа басшы Батырлан Дүйсенбайұлы, сіз нүкте қояр деген үмітпен хат жолдап отырмыз.

Құрметті əкім мырза, осы бір мəселені шешіп беруіңізді сұраймыз.

Көше тұрғындары: Д.Жұмағұлов, А.Казкенов, Д.Усембаев, Е.Дүйсентегі, Г.Дүйсен, М.Мағзұмов, Қ.Арынов.

Жəлел көшесін орташа жөндеуден ағымдағы жылы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің өндірістік бағдарламасында қарастырылған. Жөндеу жұмыстарын «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Жол құрылысы жəне пайдалану кəсіпорны жүргізеді.

Комментарии закрыты.