«Асыл Мұрадағы» игі шара

Жеңіс күні қарсаңында «Асыл мұра» мейрамханасы ардагерлерге арнап дастархан жайды. Түстікке қаламыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері жəне тыл еңбеккерлері шақырылып, сый-құрметке бөленді.

Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен сол күні дастархан басына алты айдан аса жұмыс істеген 20 тыл ардагерлері жиналды. Іс-шара барысында қалалық мəденисауықтыру спорт орталығы дайындаған концерттік бағдарлама жиналғандардың көңілкүйін көтерді.

Кеуделеріне орден-медальдарын таққан ата-əжелерімізді мерекелерімен мейрамхана иесі Г.Оразбаева құттықтады.

– Қымбатты ардагерлер, сіздердің арқаларыңызда біз бүгін бейбіт өмір кешіп отырмыз. Сіздердің шыдамдылықтарыңызға, қиындықты жеңіп шығуға деген төзімділіктеріңізге, болашаққа деген нық сенімдеріңізге бас иеміз. Тағылымы мол өнегелі өсиеттеріңіз ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Мереке қарсаңында баршаңызға шын жүректен зор денсаулық пен бақыт тілейміз, – деді Гауһар Тұяққызы.

Дастархан басында сөз алған ардагер апалар Назига Тоқаева, Дəмен Алтаева мен Шəпей Алғарина көпшілік атынан ұйымдастырушыларға қошеметке бөлегендері үшін ризашылықтарын, алғыс сезімдерін білдірді.

Дəл осындай басқосу «Каспий» кафесінде де өтіп, онда кафе иесі Али Алекперовтың ұйымдастыруымен 15 ардагерге құрмет көрсетілді.

Қариялар – халықтың асыл қазынасы, дəстүр жалғастығының қайнар көзі. Оларды құрметтеу – кез келген қоғамның дамуы мен алға басуының алғы шарты. Сондықтан біздің міндетіміз – əрдайым ардагерлерге қамқорлық жасау жəне олардың ерлігіне тағзым ету.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.