Марапатқа лайықты іс

Апта басында өткен аппараттық жиын қаңтар айында Бабыр би көшесі, 2 үйде өрт болған кезде екінші қабаттағы пəтерлердің бірінен 10 жасар баланы өрттің ортасынан алып шыққан №44 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Рүстем Тоқантаевты марапаттау рəсімінен басталды.

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 3 мамыр-дағы Жарлығымен Р.Тоқантаев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Азамат-тық ұстанымы мен қызметтегі өзіне жүктелген міндетті адал атқарып, ерлік көрсеткен Рүстем Амантайұлына қала əкімі Батырлан Ахметов медальді тапсы-рып, қауіп пен қатер қатар жүретін еңбег-іне табыс тіледі. Өз кезегінде ерлік көрсет-кен Рүстем Тоқантаев елдің амандығы үшін əрі қарай адал еңбек ете беретініне сендірді.

Марапаттаудан соң, аппараттық жиын əрі қарай жалғасып, қала əкімі Б.Ахметов Жеңіс күні ұйымшылдықпен өткенін айта келе, белсенділік танытқан барлық ұжымдарға алғысын білдірді.

Апта бойында атқарылған жұмыстар жөнінде əкім орынбасарлары мен мекеме, кəсіпорын басшылары баяндады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.