Жеңілдік кезеңі ұзартылады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмағандарға медициналық көмекті алу құқығы ұзартылғандығы туралы хабарлайды.

«ӘМСҚ-ға аударымдар мен жарналар түсірмеген тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап МӘМС-ке толық көшу үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді. Алайда, қазіргі жағдайды ескере отырып Мемлекет басшының тапсырмасы бойынша сақтандырылмаған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылады», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов атап өткен болатын.

Осы мерзімге дейін елдің барлық азаматтары статусына қарамай, шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті алуына тиіс. Қазір елімізде шамамен 16,4 миллион адам сақтандырылған. Оның ішінде 11 миллионға жуығы әлеуметтік осал топ өкілдері. Олар үшін жарналарды мемлекет жасайды. Осылайша, азаматтардың көбі автоматты түрде сақтандырылған.

Қазақстанда МӘМС жүйесі 1 қаңтардан бастап жүйеге қосылды. Өткен кезеңнің қортындылары бойынша бұрын ақылы болып есептелетін КТ/МРТ, ультрадыбыстық қызметтерді тұтыну қарқынының өсуі байқалады. Сондай-ақ, оңалту және қалпына келтіру емдеріне де сұраныс басым. Қор пациенттердің құқығын қорғауға бағытталғандықтан, медициналық ұйым қызметінің сапасын тексерілгеннен кейін ғана ақысын төлейді. Жеңілдік кезеңінде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, жарналарды төлеп, МӘМС қатысушысы болуы тиіс.

Қ.ҚЫЗДАРОВА,
«Ахметова» ЖШС, фельдшер.

Комментарии закрыты.