Адам өмірі бәрінен қымбат

Дүниежүзін қазір коронавирус дерті жаулауда. Бірқатар елдер бұдан үлкен зардап та шегіп жатыр. Осындай шақта Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халықпен бірге екендігін көрсетті. Бірлік пен ынтымаққа, сабырға шақырған мақаласы жарыққа шықты. Елбасымыз мақаласында «Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі», – деп нақты жазылған. Сондықтан, елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын қабылдап, барлық өңірде бұрын болмаған жүздеген заманауи ауруханалар мен емханалар салдық» деп атап көрсетті. Шындығында, тәуелсіздік жылдарында медицинамыз едәуір дамыды. Заманауи қондырғылар мен техникалар да қолымызға тиді. Медицина саласы көптеген жетістіктерге жетті. Осы ретте адам денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс айтамыз!

Отансүйгіштігімізді құр сөзбен емес, іспен дәлелдегісі келетін, аты жаман кеселге тойтарыс берем деген азаматтар барда бұл қауіптің бетін ары қаратамыз деген сенімдемін. Бастысы, Елбасымыз айтқан ауызбіршілік пен тұтастықты ұштастыра отырсақ екен. Сонда ғана үлкен биіктерден көріне аламыз.

Елбасының үндеуін қолдаймын. Біз біргеміз!

Ғалымжан СҮТБАЕВ,
Қарағанды облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Сәтбаев филиалының директоры.

Комментарии закрыты.