Жетекші рөлге ие

Этикалық нормаларды бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл А.Нысанбаев «OpenSatpaev» бірыңғай қызмет көрсету кеңсесі қызметкерлерімен кездесті.

Мемлекеттiк қызмет – бұл барлық мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыруда жетекшi рөлге ие, ең маңызды тетiктердiң бiрi. Мемлекеттiк қызметшiнiң моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрметi мен iзетiн де жетiлдiру.

– Себебi, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарай қазiргi қоғамда халықтың атқарушы билiк жайлы көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасатыны белгiлi. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бiз мемлекеттiк қызметтiң кадрлық құрамын iрiктеу және кәсiби даярлықтың жетiлдiрiлген әдiстемелерiн енгiзу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек» деп, мемлекеттiк қызметке деген мiндеттердi айқындап бердi. Мемлекеттiк қызметтiң жаңа принциптерi тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, ашықтық, меритократия, этика талаптарын сақтау, құқықбұзушылыққа төзбеушiлiк сияқты бiрқатар iзгiлiктi құзыреттермен толықтырылған. Сондықтан, олардың бойында коммуникативтiлiк, ұйымдастырушылық, ұжыммен бiрлесе жұмыс жасай бiлу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық-логикалық қасиеттер табылуы қажет. Осының iшiнде, әсiресе, әдеп мәселесiнiң маңызы зор деп айтсақ болады, – деген А.Нысанбаев мемлекеттiк қызметшiлердің жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексiн ұстануы мiндетті екендігін атап айтты. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшi елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпар таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Мұнан бөлек мемлекеттiк қызметшi жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi, қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы тиiс.

Этикалық нормаларды сақтаудың бағыттары жөнінде баяндаған А.Нысанбаев мазалаған сауалдар бойынша қабыдау кестесіне сәйкес өзінің немесе Қарағанды облысының әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Г.Кабдыкаримованың қабылдауына жазылуға болатындығын жеткізді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.