Жиын өткізді

Этикалық нормаларды бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл А.Нысанбаев қалалық білім бөлімінің қызметкерлерімен жиын өткізді.

Кездесу барысында этикалық нормаларды сақтау бағыттары түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілерге этика туралы кітапшалар таратылды.

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттардың санатында»,– деп көрсетілген. Сондай-ақ, Ұлт жоспары – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Бас құжаттың алғашқы 15-i мемлекеттiк аппаратты кәсiбилендiруден басталады. Осыған орай, мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамаларға түбегейлi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, қабылданған мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған. Жүйедегi өзгерiстер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi қалыптастырып, мемлекеттiк менеджменттiң, халықтың алдындағы абырой-беделiн көтерiп, оның сапалы моделiн жасауға бағытталған, – деді А.Нысанбаев.

Осы сұрақтар бойынша кез келген мәселе туындаған жағдайда қала әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі А.Нысанбаевқа немесе Қарағанды облысының әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Г.Кабдыкаримоваға қабылдау кестесіне сәйкес жазылып, кездесуге мүмкіндік бар.

Комментарии закрыты.