Маржан той

Отбасы күнінде қаламызда өткен үлкен шаралардың бірі – Бекмұхан мен Қызжібек Көңілбаевтардың маржан тойы. Заңды неке құрғандарына 30 жыл толған жұптың мерейтойын салтанатты түрде рəсімдеу Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтті.

Маржан тойға Бекмұхан ағай мен Қыз-жібек апайдың балалары, немерелері жəне туған-туысқандарымен қатар, қаланың Құрметті азаматы, АХАЖ бөлімін бірнеше жылдар бойы басқарған еңбек ардагері Раушан Кантеева шақырылды.

Осы мерекені ұйымдастырған Сəтбаев қалалық əділет басқармасының басшысы Сəуле Жанділдинова той иелерін құттықтап, Ашық хат пен бағалы сыйлығын табыс етті. Құрметті қонақ ретінде келген Р.Кантеева Көңілбаевтар отбасына ізгі тілегін жеткізді.

Мерейтой иелерінің құрметті кітабына қол қою рəсімінен кейін қонақтар ескерткішке суретке түсті.

Бекмұхан Атабайұлының №55 шахтада кенші болып еңбек етіп жүргеніне 25 жыл болса, Қызжібек Шахиминқызы немере тəрбиесімен айналысуда. Бүгінде жеті бала өсіріп, алты немеренің қызығына бөленіп отырған ерлізайыптылардың өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі десе де болады.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.