Құм құрсауындағы көгал

Оны «әлемдегі сегізінші керемет» деп атайды. Сахара, құм құрсауы, 50 градустық аптап. Ит байласа тұрмайтын осындай өңірде шағын көлшік пен жасыл желек кездескенде өз көзіңе өзің сенбейсің. Алайда, бұл – елес емес, Гоби шөліндегі ғажап ғалам. Батыс Қытайда ол көлшікті «Юэяцюань» немесе «Жарты ай» деп атайды.

 Кел, күлейік

Саяжайдан қайтқан үшеудің әңгімесі.
– Мен былтыр ғаламат алма өсірдім. Орындыққа қойғанымда сирағы шыдамай, сықырлап кетті…
– Ал, мен өсірген алманы екеулеп әрең көтеріп қойғанда, орындықтың сирағы сынып түсті…
– Менің өсірген алмамды айтсай! Төрт адам арбаға әрең көтеріп салдық…
– Арба шыдады ма?
– Әрине, шыдады. Алайда, ішінен шыққан құрт арбаға жегілген атты жеп қойды.

 Оңашадағы ой

Небір ой толассыз келіп-кетіп жататын басым әуежайға ұқсайды.
* * *
Ақша үшін адам не істемейді?! Тіпті жұмысқа да барады.

Комментарии закрыты.