Талап-арыздарды, шағымдарды қазақ тілінде рәсімдеу

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазіргі кезде сотта іс көбінесе орыс тілінде жүргізіледі. Оның себебі АІЖК-нің 14-бабына сай талап арыз берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Яғни, талап арыз қай тілде берілсе, іс тек сол тілде жүргізіледі. Ал, іс жүргізу тілін білмейтіндер сотта аудармашының қызметін тегін пайдаланады.

Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейе алмайды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде қаралатын арыз-шағымдардың үлесін арттыру мақсатында, Сәтбаев қалалық сотымен мемлекеттік тілде түсетін талап арыздарының, кіріс құжаттарының санын арттыру мақсатында әр-түрлі іс-шаралар жүргізіліп, мемлекеттік емес ұйымдар, прокуратура органдарының өкілдері мен қорғаушылардың қатысуларымен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп, газет басылымдарында мақалалар жарияланып отырады.

Сәтбаев қалалық сотының кеңсесінде іс қағаздары толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сот құжаттарын рәсімдеу үлгілері екі тілде де көрсетіледі. Мемлекеттік органдармен хат алмасу тек қана мемлекеттік тілде жүргізіледі және сот төрағасы азаматтарды қабылдау кезінде сұрақтарына көбінесе қазақ тілінде жауап береді. !с жүргізуді мемлекеттік тілге көшу, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңының талаптарын орындауға бағытталған жұмыстар нақты нәтижесін беріп отыр. Сондықтан, қазақ тілінің сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі ретінде мәртебесін асырып, қолдану аясын кеңейту арқылы заң талаптарын күшейтіп, мемлекеттік тілге деген қажеттілікті тудыру керек.

К.ТЕМБАЕВА, сот кеңсесінің бас маманы.

Комментарии закрыты.