Жүйелі де нәтижелі жұмыс қажет

Қала əкімі Батырлан Ахметовтың төрағалығымен əкімдіктің кезекті отырысы өтіп, күн тəртібінде қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты 20 мəселе қаралды.

Сəтбаев қаласының 2012 жылдың І тоқсанында əлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы экономика жəне бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Марат Бапов баяндады. Қаланың əлеуметтік-экономикалық жағынан дамуын талдай келе, қазіргі күні қылмыстың өсуі мен өндіріс сапасының төмендеуі жалпы көрсеткіштерге əсер етіп отырғанын айтты. Бөлім бастығының алға тартқан дəйектемелерінің негізінде ІІБ бастығы Ж.Қарабеков, əкім орынбасары А.Ким есеп берді.

Батырлан Дүйсенбайұлы қаланың өсу деңгейіне тікелей қатысы бар осы бағыттарда жұмыс жасалуы керектігін баса айтты.

Күн тəртібіндегі маңызды деген мəселелердің қатарында – пəтерлерді қайта жоспарлауға, бұрынғы жатақхана ғимаратын көп пəтерлі тұрғын үйге қайта жабдықтауға рұқсат беру туралы Сəтбаев қаласының сəулет жəне қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Айтжановтың, жер теліміне жеке меншік құқықтарын беру туралы жəне т.б мəселелерді көтерген жер қатынастары бөлімінің бастығы Л.Қараторғаеваның баяндамасы тыңдалды.

Əкім бұл тарапта ретсіз жер бөлуді тоқтату керектігін айтып, мамандарға тапсырма жүктеді.

Ағымдағы жылдың жазғы маусымында балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы, кəмелеттік жасқа толмағандарға қорғаншы тағайындау туралы қалалық білім, дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің бастығы Ш.Жанасылова баяндама жасады.

Күн тəртібіне шығарылған барлық мəселелер мақұлданып, қаулы қабылданды.

Отырысты қорытындылаған қала əкімі Б.Ахметов қаланы дамыту жолындағы істерді жүйелі əрі нəтижеге жетерліктей деңгейде атқаруды тапсырды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ

Комментарии закрыты.