«МАҚСАТ» — дарындыларды даралады

Оқу жылының соңында Сəтбаев қаласының дарынды да білімді жастарына қала əкімінің «Мақсат» сыйлығын тағайындау дəстүрге айналды. Кəсіби, шығармашылық жетістіктері жəне қоғамдық істерде белсенділігімен танылып жүрген жастарға бұл сыйлық биыл төртінші мəрте табыс етілді. Сыйақы тапсыру екі бағытта жүрді. Бірінші – еңбек ұжымдарындағы жас мамандарды ынталандыру болса, екінші бағыт – мектеп оқушыларын марапаттау болды. «Мақсат» 8 номинация бойынша дарындыларды даралады.

«Кəсіби білім үздігі» «Қазақмыс» корпорациясы технологиялық колледжінің студенті Дамир Болат атанса, №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Жандос Баяхметов «Жас математик» атағына лайық деп танылды. «Жылдың өнерлі өрені» номинациясын С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Бейбіт Жанатұлы жеңіп алса, «Жыл белсендісі» номинациясы бойынша №16 орта мектептің оқушысы Алуа Сейтжапбарова жеңімпаз атанды. «Мемлекеттік тіл – болашағым» номинациясы бойынша Оқушылар сарайының іс жүргізушісі Светлана Гамаюнованың өзгелерден бағы асса, «Жыл спортшысы» атағын иеленген Кенжезару Қашқынова болды. Еліміздің Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай, əкім сыйақысынан Отан қорғаушы азаматтар да тыс қалмады. «Жас Отан қорғаушы» атағын Сəтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бөлімше бастығы, лейтенант Дəурен Сəрсенбаев иеленді. Ал, Сəтбаев қаласы əкімінің «Мақсат» сыйлығының «Жылдың жас маманы» номинациясын №1 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Ершат Байтаев жеңіп алды. Жеңімпаздарды қала əкімі Батырлан Ахметов, қаланың Құрметті азаматтары, қалалық мекемелердің басшылары марапаттап, дарынды жастарға табыс пен сəттілік тіледі.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.