Ұлт татулығы – ұлы байлық

Қымбатты жерлестер! Құрметті қала тұрғындары!

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жарқын мереке – біздің көпұлтты халқымыздың бейбітшілік пен келісімді білдіретін керемет дәстүрлерінің жалғасы. Біздің республикамыз – 140-тан астам этностар мен ұлыстар ортақ шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет.

Биыл бүкілқазақстандық бірліктің ерекше моделін қалыптастыруға белсенді қатысатын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толады. Алғашқы күндерден бастап ҚХА біздің қоғамымыздың өмірінде маңызды бітімгершілік және біріктіруші рөл атқарды, әрқайсымыз ұлтына және дініне қарамай Қазақстанды өзінің туған Отаны деп санайтынына, ал оның орнына өзін-өзі тану, өркендеу және қорғау, өзін-өзі сезіну мүмкіндіктерін алатынына ықпал етті.

1 Мамыр – біздің мемлекетіміздегі маңызды мереке. Достық – еліміз үшін ең қымбат құндылық. Біз әр отбасына өркендеуді, жасампаздық пен тыныштықты тілейміз, өйткені, әр адамның бақыты – елдің болашағының бөлігі. Барлық шаңыраққа бақыт, бақ-береке, тыныштық, ымыра-бірлік тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.