Өнегелі ұя ұрпағы

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген дана сөз Камила Абишеваға арналған десе де болады.

Себебі əкесі Ерлан да, анасы Əсемгүл де басқа саланың қызметкерлері болғанмен, өнерлі жандар. Бірі гитарамен əн айтса, бірі əр ұлттың биін билегенде таң қалдырады. Ал, кішкентай сіңлісі Мерей балабақша өнерпаздарының қатарында.

Осындай үлгілі де өнерлі отбасындағы Камиланың қол жеткізген табыстары да бар. Қаламыздағы белді де беделді білім ошағы – №1 мектеп-гимназиясының 2 «А» сыныбында оқитын Камила жақында Республикалық «Сəлем, Астана» фестиваліне қатысып қайтты. Елордадан ол «Инструментальная музыка» номинациясы бойынша ІІІ жүлделі орынмен оралды. Бұл жеңісте, əрине, өнер мектебінің «Фортепиано» сыныбы жетекшісі Ақнұр Ержігітованың да үлесі бар. Ал, сынып жетекшісі Урухафза Турежанова Камиланың оқуда да озық екенін, болашағынан зор үміт күтетінін мақтана айтады.

Қаламыздың намысын қорғайтын тағы бір азаматтың өсіп келе жатқанына біз де қуанамыз!

М.ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.