Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Қымбатты қала тұрғындары!

Уақыт сырғиды, ұрпақ алмасады, бірақ Ұлы Жеңістің естелігі жүрегімізде қалады. Сұрапыл соғыстың оты мен оғын құшқан әрбір майдангер алдында бас иеміз!

Дәл осы күні біз тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлерін көзімізге жас алып тағы бір мәрте еске алып, қабырғамыз қайысып, олардың алдында мәңгілік қарыздар екенімізді сезінеміз.

Майдангерлер жасаған ерлік мәңгілік. Ешқашан да уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсеміз.

Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету.

Қымбатты ардагерлер!

Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.

Сіздерге шын көңілден зор денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ыстық ықыласын тілейміз.

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.