Қымбатты балалар! Сендерді шын жүректен тамаша мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!

Сендер біздің үмітіміз, болашағымызсыңдар. Біздің елімізде Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың зор қамқорлығының арқасында сендердің білім алуларың мен демалыстарыңның дұрыс ұйымдастырылуына, спортпен шұғылданып, өздеріңнің қабілеттерің мен дарындарыңды ашып дамытуға барлық жағдайлар жасалуда. Бізді қаламыздағы мектептеріміз бен балабақшалары-мыздың заманауи жабдықтармен жабдықталып, жыл сайын аулаларды абаттандыруға, оның ішінде балалар ойын алаңдарын орнатуға қаражат бөлінетіндігі, спорт үйірмелері мен секциялар қатарының көбеюі жəне басқа да жүзеге асырылып жатқан оңтайлы істер ерекше қуантады.

Біз бүгін сендердің ақылды, ізгі жүректі жəне рухани дамыған, жерлестерің мен барша ел мақтан ете алатын азамат болып өсулерің үшін аянбай еңбек етіп жатқан ата-аналарыңа, ұстаздарың мен тəрбиешілеріңе алғысымызды білдіреміз.

Қымбатты балалар! Бүгінгі мереке күні жəне əрдайым жүректерің қуаныш пен ізгілік сезімдеріне толы болсын, жүздеріңнен күлкі кетпесін! Əлемдегі ең баға жетпес дүние – ол сəбидің күлкісі.

Сендерге көтеріңкі көңіл-күй, жақсы да қызықты демалыс тілейміз! Қашанда қастарыңнан сенімді достарың табылсын, қуанышты сəттерің көп болып, армандарың орындалсын!

Құрметпен, Сəтбаев қаласының əкімі Б.Ахметов. Қалалық мəслихаттың хатшысы С.Имамбай.

Комментарии закрыты.