Діни экстремизмнің алдын алу

Соңғы жылдары Орталық Азия аумағында жалпы экстремизм түрлерінің қауіпі күшеюде. Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан Республикасындағы әртүрлі экстремизмдік бағыттағы ұйымдар тарапынан болған жайлар діни экстремизм құбылысын зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Біз елімізде ұлтаралық және конфессияаралық негізгі шиеленіс болмағандығын мақтанышпен айта аламыз.

Қазақстан этностық немесе діни қөзқарастарды негізге ала отырып қақтығысушы елдерге ешқашан қолдау көрсеткен емес. Себебі, Қазақтанда дінді қорлауға жол берілмейді. «Террорист» сөзі бүкіл әлемді тітіркендіретіндей жағдайға жеткізді. Өйткені, тыныштықпен енді ғана қауышып келе жатқан жұртымызға аты жаман ұғымның да ұшқыны жетті. Адамзат баласының көксегені бейбіт өмір болғандықтан, қоғам да бей-жай қарап отырған жоқ. Ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» демекші, тәрбие мен білім әрдайым бір-бірінен алшақтамай, қатар жүруі керек.Жастар экстремизмді насихаттау жолында «оңай олжаға» айналып жатады. Өйткені, жастар олардың ықпалына төтеп беруге қауқарсыз. Қазіргі жас буын кішкентайынан діни дәстүрлер туралы негізгі білім алуы тиіс. Мәселен, терроризмнің зияны туралы білуі керек. Санасына адам өлтірудің ең ауыр күнә екендігін жеткізу қажет. Адам үнемі ести берсе ойлана бастайды, санасында бұл жаман нәрсе екен деген ой қалыптаса бастайды. Бұл категорияға әлеуметтік статусы төмен, әлуметтік түсінігі нашар отбасынан шыққан жастар, агрессияға жақын мәселелерді күштеп шешу әдісін қолданатын, дамымаған жасөспірімдер, экстремистік саяси, діни ұғымдардың, қозғалыстардың, секталардың мүшелері кіреді. Осыған байланысты, ең алдымен жастар өмір сүретін әлеуметтік ортаны оңтайландыру, жақсарту, өзара әрекет кеңістігін құру, әлеуметтік жобаларды іске асыру қажет.

Ұлжан КАПАРОВА,
ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі.

Комментарии закрыты.