Алдын алайық

Коронавирус – жануарлар мен адамдар арасында таралған вирустың түрі. COVID-19 атауын алған жұқпалы вирустық ауру тез қарқын алып, шетте жатқан қаламызға да жетті. Вирус құрамы жануардан адамға берілу барысында мутация нәтежесінде өзгерген. Оны тез арада емдеп, жазатын арнайы дәрі, вакцина жоқ. Тек, науқастың ауырғанын басатын, тынысын кеңейтетін, қызбасын түсіретін дәрі қолдану арқылы ем жүргізіледі.

Белгілері қандай?

Дене температурасының көтерілуі, жөтел, ентігу, кеуде тұсының ашып ауруы, пневмония, құсу, әлсіздік, диарея. Осы ауру белгілері басталғанда тез арада дәрігерге жүгініп ем алмаса, науқастың жағдайы асқынып өлімге әкелуі мүмкін.

Қалай тарайды? Науқас адаммен тікелей байланыс арқылы, түшкіру және жөтелу кезінде, науқас адамның жеке заттарын қолданғанда жұғады.

Қорғану үшін не істеу керек?

1. Жеке бас гигиенасын сақтау. Қолды сабынмен жиі жуу. Түшкіру, жөтелуден кейін антисептик қолдану.
2. Жуылмаған қолмен көз, мұрын, бетті ұстауға болмайды, барынша қолды тигізбегеніңіз абзал.
3. Адамдар көп жиналған жерлерде бетперде киілуі міндеттеледі.
4. Ауырып жүрген адамдардан және олардың заттарына жанасудан аулақ болу, байланысқа түскен жағдайда бетпердемен қорғану керек.
5. Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданар алдында мұқият жуу, ыстық сумен шаюды қалыпқа айналдыру.
6. Иммундық системаны жақсы қалыптастыру үшін денешынықтыру, суда жүзу, таза ауада шынығу, уақытымен дем алу және кемінде 8 сағат ұйықтау керек.

Ауырып қалған жағдайда не істеу керек?

– өздеріңіз күнде қолданатын емдеу әдісін қолданбау,
– ешкімнен ақыл сұрамай, ауруды асқындармай, дәрігерге қаралу керек.
– 103 жедел жәрдемді үйге шақырып, дәрігердің берген кеңесін толық орындау міндеттеледі.

Г. ЖАЛМУРЗИНА,
қалалық тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы.

Комментарии закрыты.