Бастаманы жалғастырды

Қасиетті Рамазан айында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы ақсақалдар алқасының төрағасы Абулаис Мулаков С.Ошақұлы мешітінде жақсылық жасаудың үлгісін көрсетті.

– Ерекше күтімді қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған бір отбасыға 70 000 теңге табыстадық. Кіші мешіттің садақа жәшігіне 20 000 теңге салдық. Бұдан бөлек, Байқоңыр елді-мекенінде салынып жатқан мешіттің құрылысына туған-туыстың атынан 300 000 теңге қаражат аудардық. Былтыр осы мешітке 200 000 теңге аударған болатынбыз. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» демекші, бұл шаруа тек менің тарапымнан атқарылып жатқан жоқ. Бұл игі бастамаға қыпшақ руынан тараған Есенғұл, Шоқанай, Бажақ елінің ұрпақтары атсалысты, – дейді А.Мулаков.

Жақсылықты жария қылудағы мақсат – болашақ ұрпақ үлгі алып, сауабы мол іске септігін тигізсе деген ниет. Қайырымдылық – ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Адамның тамаша қыры қаншалықты қайырымды екенінен байқалады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.