Мерейлі Отбасы

Ержан Аманжолұлы мен Жанерке жеңгеміздің шаңырақ көтергеніне биыл 28 жыл толыпты. Қызығы мен қиыншылығы қайнаған өмір жолында жанұяның түтіні алғашқы күннен түзу ұшқан. Осы мерейлі отбасынан алты балапан түлеп ұшып, алды үлкен өмірге қанатын жайды. Үйдің үлкені Мейрам жауапкершілікті сезіне білетін азамат болып ер жетті. Бүгінгі таңда екі бала сүйіп, Ержан аға мен Жанерке жеңгемізді «ата-әже» атандырып, қуанышқа бөлеп отыр.

Шаңырақтарына келіп қонған құт келін Эльмира да жаңашылдық пен білімге құштар жан. Қаламыздағы жас бүлдіршіндердің интеллектуалды және заманға сай білімді болып өсуіне септігін тигізетін ISMA Халықаралық мектебінің негізін салушылардың бірі. Мейрам ағасының артынан ерген іні-қарындастары да білікті маман иегерлері. Бауырлар арасында бір-біріне деген сыйластық, қолдау, татулық ерекше көрініс тапқан.

Үлгілі отбасы – ұлттың ұйытқысы. Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді, яғни бүгінгі біздің тәрбиелеп отыр-ған ұрпағымыз, ертеңгі жердің иесі, елдің иесі. Сондықтан, қазақ халқының болашақ тарихына әрқайсымыз жауаптымыз. Саналы да салиқалы, ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға қоятын Ержан ағамыздың отбасындай шаңырақ көбейе берсін.

Айнаш БЕГІМ.

Комментарии закрыты.