Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Сәтбаев қаласы әкімінің өкімімен Дәуір Қойшығараұлы Жүнісбеков қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Осы уақытқа дейін Жезқазған поселкесінің әкімі қызметін атқарып келген жаңа орынбасарын Асқар Ыдырысов аппараттық мәжілісте таныстырды.

Дәуір Қойшығараұлы еңбек жолын 2000 жылы «Қазақмыс» корпорациясының «Рудстрой» құрылыс басқармасында шебер болып бастаған. 2003-2013 жылдар аралығында банк жүйесінде маман, филиал басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Ал, 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жезқазған кентінің әкімі болды.

– Өздеріңіз білесіздер, 2013 жылдан бері қаламыз түрлі деңгейлердегі ұлттық және халықаралық жобаларға қатысып келеді. Бұл негізінен энергия үнемдеу мен тиімділігін арттыру мақсатындағы «жасыл энергияға» негізделген жобалар. Міне, осы ілкімді істің басы-қасында Дәуір Қойшығараұлының жүргенін де жақсы білесіздер. Оның тікелей қатысуымен көптеген іс-шаралар нәтижелі өтіп, біздің қаламыз осы жобаға қатысушы қалалар арасынан ең үздік деп танылды.

Дәуір Қойшығараұлы өзінің іскерлік қабілетін осы салада да көрсетіп, жұмысын жандандыра түседі деген сенімдемін, – деді Асқар Абылайұлы орынбасарын таныстыра келіп.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Комментарии закрыты.