Қарағандыда сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Қарағандыда Балаларды қорғау күні сал ауруымен ауыратын науқастарды оңалту орталығы ашылды. Мұнда жылына бір жарым мыңға жуық жас пациент тегін көмек ала алады. Жаңа медициналық мекемені жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аралап қайтты.

«Шипагер» оңалту орталығы Майқұдық балалар ауруханасының аумағында екі қабатты жеке ғимаратта орналасқан. Оның аумағы — 806 шаршы метр. Мұнда сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту үшін қажетті барлық заттар бар: жарықпен және физиоемдеу аппараттары, электр монотерапия, мүмкіндігі шектеулі емделушілерге арналған көтергіштер, бассейн, сенсорлық бөлмелер және жайлы палаталар. Орталық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы шеңберінде ашылды. Бұл оңалтудан тегін өтуге мүмкіндік береді.

— Біз бір айлық нәрастеден 18 жасқа дейінгі 100-ге дейінгі баланы қабылдай аламыз. Мұнда түрлі санаттағы сал аурымен ауыратын балалар оңалтудан өтеді -, дейді «Шипагер» компаниясының құрылтайшысы Денис Подгайнов.

Жаңа орталықта оңалтуға жолдама сал ауруы бар баланың тұғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханасында береді. Емдеу ұзақтығы аурудың күрделілігіне байланысты — орташа есептегенде бір курс 10-нан 20 күнге дейін созылады. Оны жылына 2-3 рет қайталау қажет.

Орталықта жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Жетекші реабилитолог Қазан қаласында травматология институтында оқыған.

Өңір басшысына медициналық мекеме қандай құрал-жабдықтармен жабдықталғаны көрсетіліп, ерекше балаларға қалай көмектесетіні жайлы айтылды. Жеңіс Қасымбек облыстағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті одан әрі дамытуды тапсырды.

Мұндай орталық Жезқазған қаласында қызмет көрсетеді. Осы жылы тағы біреуі Теміртауда іске қосылады.

Читать в источнике

Комментарии закрыты.