Бағдарлама жүзеге асуда

Қаламызда «Жұмыспен қамтудың Жол картасы 2020» бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыздық санын азайта отырып, халықты еңбекпен қамту.

Дағдарысқа қарсы кешенді әрі ұзақ мерзімді бағдарлама нақты үш бағыттан тұрады. Біріншісі – инфрақұрылым мен ТКШ дамыту арқылы жұмыспен қамту, ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру, жұмыс берушінің сұранысын есепке ала отырып, оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдем беру. Бүгінгі таңда Сәтбаев қаласының 7-2 шағын ауданында 320 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмысын «Балқаш Жібек жолы» ЖШС және «СтройМонтажинжиниринг» ЖШС мердігер компаниялары жүргізуде. 2019 жылдың желтоқсанында басталған құрылыс жұмысы 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта нысанның қазаншұңқырын, сыртқы қабырғалары мен қалқаларын қалау жұмыстары жүргізілуде. Қырыққа жуық құрылысшының 17-і жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбек етуде. Айта кетейік, 320 орындық балабақша 3 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы – 4328,8 шаршы метрді, ал, жалпы шарт сомасы 762 млн 720 мың теңгені құрайды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.