Сенімді сырлас, рухани серік

Баспасөз адамның көңіл-күйін оятып, сезім сырларына қозғау салмай ма? Соның ішінде жергілікті басылым өмір сүріп жатқан ортаң жайында, қоғамдық өмір кеңістігі туралы мағлұмат беріп, жан-жағыңа ойлана қарауға ықпал етпей ме?

Міне, 30 жылдық тарихы бар «Шарайна» газеті қала тұрғындары үшін ақпарат көзі ғана емес, барша қоғамдық өмір, ауыл-аймақ, әдеби, мәдени өмір кеңістігі, мақсат-міндеттер жайында, тарихи тұлғалар, өткелдер туралы да мағлұматтар беріп, ой-өрісімізді кеңейтіп отыратын басылым екені сөзсіз.

Мен бұл газетті жиырма жылдан бері жаздырып аламын. Ара-тұра өзім де мақалалар, өлеңдер жазып тұрамын. Газеттің әрбір санын асыға күтіп, сәл кешіксе байланыс бөлімін мазалайтыным да бар.
Кеншілер қаласы таланттан ешқашан да кенде болған емес. Қазір де «Шарайна» газетін белгілі журналист басқарып, онда білімді де білікті журналистер қызмет етуде.

Өзім бауыр басқан «Шарайнаның» шығарушылар алқасын 30 жылдық торқалы тойымен құттықтай отырып, дендерінің сау, отбасылары аман болып, қаламдарының ұшқырлана беруіне, әрдайым жұртшылықтың көңілінен шығуына тілектестігімді білдіремін.

Мағзұм ҚОЖАХМЕТОВ,
Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы. Медицина саласының ардагері.

Комментарии закрыты.