«Өлкенің гүлденген балдəурені»

Дəл осындай тақырыпта жылдағы дəстүрге сай Халықаралық балаларды қорғау күнінде Жезқазған кентінде орналасқан «Мерей» балалар үйінде мерекелік іс-шара өтті.

«Айгөлек» əнімен басталған мерейлік балғындардың өнерлерін тамашалауға қала əкімінің орынбасары Марал Мəдиева, қалалық мəслихат хатшысы Серік Имамбай, Сəтбаев қалалық салық басқармасының бастығы Ерболат Қатжанов, білім, денешынықтыру жəне спорт бөлімінің бастығы Шынар Жанасылова, Жезқазған кенті əкім аппаратының бас маманы Лəйлə Əлкебаева жəне т.б мекемелер мен ұжымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Əке мен ананың аялы алақанының жылуын сезінбей өссе де, бұл балғындар өнерлі, білімді. Осындай жас буынды қолдап-қолпаштауда көмегін аямай жүрген қала басшылығына, Жезқазған қаласындағы «Қазақстан Халық Банкінің» директоры Марфуға Мусинаға «Мерей» балалар үйі ұжымының да, балалардың да ризашылығы шексіз.

Қаланың мақтанышына айналған Қазақстан КТК Одағының республикалық «Чемпиондардың чемпионы» атағының иегері, Астана қаласындағы «Маусымашар – 2011, 2012» фестивалінің бас жүлдегері, Сəтбаев қаласының мектеп лигасының чемпионы «Мерей» КТК командасы мүшелері өздерін құттықтай келген қонақтарға əзілқалжыңдарын тарту етті. Бұл күні балаларды мерекелерімен Марал Сағынайқызы, Серік Сағынатұлы, Ерболат Балтаұлы, Шынар Қаппасқызы құттықтап, жарқын болашақтың иегерлеріне балалық дəурендерінің сəтті де тəтті өтуіне тілектестіктерін білдіріп, əкелген сый-сияпаттарын тапсырды. Мерейлік балаларға сондай-ақ, үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы «Нұр Отан» ХДП Қарағанды филиалының аппарат жетекшісі Болатбек Жақсыбай жезқазғандық жас ақын Ернұр Сейдахметтің сиясы кеуіп үлгермеген «Теңбіл доп» кітабын сыйға тартса, «Интермтройсервис» компаниясының ұжымы, Жезқазған шахтапроходкалау мекемесі, «Рудсервис» ЖШС жəне т.б. мекемелер мен ұжымдар сыйлықтарын ұсынды.

Отыз бес балаға ортақ шаңырақ болып отырған бұл ұядан биылғы жылы 9 түлек үлкен өмірге жолдама алғалы тұр. Осы түлектердің орындауында «Отан Ана» əні шырқалды. Балалар үйінің басшысы Бақыт Мақашева балаларын мерекелерімен құттықтап, барлық қолдаушыларға алғысын білдірді. Балалар да құр алақан емес, үнемі қолдап жүретін аға-апаларына ізгі тілектері жазылған Алғыс хаттарын тапсырды.

Мерекелік іс-шара қалалық автокөлік жəне механизмдер кəсіпорнының жайған дастарханына ұласты.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.