Қанатын кеңге жаюда

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС демеушілігімен салынған «Ұлы Дала» супермаркетінің желісі кеңейіп, қанатын кеңге жаюда. Қаламызда осымен үшінші дүкен өз жұмысын бастады.

Жаңа сауда нысаны 7 ықшам ауданының тұрғындары үшін есігін айқара ашты. Ерден көшесінің бойында орналасқан шағын маркеттің ашылу салтанатына «Ютария лимитед» компаниялар тобының директоры С.Шауенова мен қала әкімінің орынбасары Д.Жүнісбеков қатысты. Мұндай сауда орнының қала тұрғындары үшін өте тиімді екенін тілге тиек еткен әкім орынбасары дүкен жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетейік, бұл күні тауарлардың үлкен ассортиментінен басқа, келушілерді сыйлықтар мен бонустар күтіп тұрды. Алғашқы сатып алушыларға азық-түлік себеттері мен ақшалай сертификаттар берілді.

Күзге дейін шаһарда осындай он шағын маркет жұмыс істейтін болады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.