Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – ұлттық бірлікті нығайтуға, қазақстандықтардың патриотизмін тәрбиелеуге ықпал ететін еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі. 1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Оларға құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті борышы және міндеті. Бүгінде республиканың символикасы бүкіл әлемге танымал, бұл біздің елде мақтаныш сезімін тудырады, әрқайсымызда Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімін оятады.

Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекеттің азаматтары үшін, әсіресе жас және өскелең ұрпақ үшін үлкен моральдық маңызы бар.
Мемлекеттік Ту, мемлекеттік Елтаңба, мемлекеттік әнұран – еліміздің баға жетпес құндылықтары, төл тарихымыз бен туған тілімізді, салт-дәстүрімізді құрметтеудің негізі.

Қымбатты жерлестер! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында сіздерге бақ-береке, ырыс пен молшылық тілейміз.

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.