Құрметті де қымбатты «шарайналықтар»!

Мерейтоймен шын көңілден құттықтаймын!

Отыз жыл бойы билік пен халықтың арасына көпір боп салынып, үздіксіз қызмет етіп келесіздер. Әрқашан осы екі жақтың қолдауында болып, өркендей беріңіздер. Шығармашылықта табысқа, сарқылмас шабытқа кенеле беріңіздер. Қалам үшкір, ой ұтқыр, оқырман саналы, басылым сапалы болғай. Ұжымдағы әр отбасына мықты денсаулық, береке мен байлық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, істеріңіз жеңісті болсын!

Майра ЖАППАСБАЕВА,
«Шарайна» газетінің 1999-2016 жылдар аралығындағы редакторы, ҚР «Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы.

Комментарии закрыты.