Қадірлі «Шарайна» газетінің ұжымы!

Сіздерді 30 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын!

«Шарайна» газеті – кенді өлкеміздегі өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылымдардың бірі. Газет ұжымы қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, олардың әлеуметтік мәселелерін батыл көтеріп келеді. «Шарайна» газеті кәсіби журналистердің ортасы деп білемін. Осы жылдарда оқырмандар жүрегінен орын алдыңыздар. Мерейлі мереке аясында шығармашылық топқа үлкен сәттілік тілеймін! Бүгінгі таңда газет оқымайтын адам жоқ. Сондықтан, бұл мереке бәрімізге ортақ. Қаламдарыңыз ұшқыр, жазарларыңыз ұтқыр болсын, қымбатты әріптестер!

Ғалымжан Нұрпейісов,
«AQSHAM» телеарнасының директоры.

Комментарии закрыты.