Құрметті «Шарайна» газетінің ұжымы! Қымбатты достар! Басылымның 30 жылдық мерейтойына арнаған ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар!

30 жыл – баспасөз үшін елеулі кезең. Аз уақыт та емес, көп те емес. Шынында да, әлі де алдағы уақытта қол жеткізетін талай белес бар. Осы уақыт ішінде газеттің түр-түсі, атауы өзгерді, журналистердің бірнеше толқыны ауысты, бірақ, бір нәрсе өзгеріссіз қалды – жарияланған тақырыптардың өзектілігі, өз оқырманына шынайылық пен адалдық, аудиторияны сақтап қалуға ұмтылу, қалада да, аймақта да болып жатқанның бәріне зерттеушілік көзбен қарау.

Осы 30 жыл ішінде қаншама жұмыстар атқарылды: қаншама бет парақталды, келелі кездесулер өтті. Осы жылдар ішінде «Шарайна» талантты журналистер кеңістігіне кәсіби шеберлік мектебі болды. Сондықтан, қала тұрғындары газеттің шыққан әр нөмірін тағатсыздана күтеді. Қазіргі таңда қаламыз қанат жайып келеді, қала тұрғындары орын алып жатқан оқиғалардан хабардар болуы керек.

Газеттің мерейтойы – бұл ұжымның, оның оқырмандарының, сонымен қатар штаттан тыс қызметкерлердің, баспасөз ардагерлері мен шебер жазушылардың мерекесі. Шынында да, «Шарайна» тарихы біздің кенді қаламызбен тығыз байланысты: журналистер жариялаған кез-келген тақырып – саясат пен экономика, әлеуметтік сала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, спорт және мәдениет – оқырмандардың қызығушылығын тудырады.

Өз-өзіне баға беріп, қорытынды жасайтын уақыт болады. Бүгінде «Шарайна» уақыт сынынан өтіп, аймақтық БАҚ арасында өз орнын тапты деп сеніммен айтуға болады.

Мерейтой мезетінде өткенмен ғана емес, келер күннің қызық-қуанышымен бөлісіп, оқыр-ман-жұртшылықты қуантады деп ойлаймыз.

Редакция ұжымына шығармашылық қуат, табыс тілейміз.Басылымның әр нөмірі қалың аудиторияға тарасын, журналистер қауымының кәсіби қызметтегі жұмыстарына шалқар шабыт тілейміз. Мерейтой құтты болсын!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.