Қымбатты медицина саласының қызметкерлері! Құрметті денсаулық сақтау саласының ардагерлері!

Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Денсаулық сақтаудың тиімді əрі қолжетімді жүйесін құру мемлекеттік саясаттың басты бағдарының бірі, бұған жыл сайынғы Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы дəлел.

Бүгінгі медицина қызметкерлерінің алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр, оның бірі – мемлекеттік «Саламаты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, медициналық қызмет көрсету сапасы мен халықтың денсаулығын арттыру.

Біз баршамыз өмірдің күн сайын жақсарып, адамдардың дендері сау əрі бақытты болуына талпынамыз. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда сіздердің атқаратын еңбектеріңіз орасан зор. Сіздер қоғамда өзінің ерекше орны бар, құрмет пен сенімге лайық мамандық иесісіздер. Нағыз медицина қызметкерінің өмірлік ұстанымы — адам мен қоғамға қызмет ету, кез келген уақытта оларға көмекке келу. Əрине, ол сіздерден сарқылмас күш-қайратты, біліктілік пен табандылықты талап етеді.

Осындай айтулы мереке қарсаңында сіздерге – аяулы дəрігерлеріміз, медбикелер мен осы ізгілігі мол денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген барлық ақ халатты абзал жандарға – ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз, ізгілік қасиеттеріңіз бен кəсіби шеберліктеріңіз үшін шынайы алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, бақ-береке, шығармашылық табыс жəне еңбек жолдарыңызға жаңа биік белестер тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен, Сəтбаев қаласының əкімі Б.Ахметов. Қалалық мəслихаттың хатшысы С.Имамбай.

Комментарии закрыты.