Мазұнды басқосу

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесінің» құрамындағы Сәтбаев филиалы кезекті семинар-жиналыс өткізді.

Басқарма төрағасы Т.Бүкіровтың жарлығымен өткен семинардың басты мақсаты – бастауыш ұйым басшыларына бағыт-бағдар беру, іс-қағаз жүргізудегі заңнамаларды толықтай түсіндіру.

Баяндама жасаған басқарма төрағасы Т.Бүкіров жоспарланған тармақтарға толық түсініктеме беріп, бастауыш ұйым басшыларынның сұрағына жауап берді.

Жыл басынан карантинге байланысты көп іс-шаралар өтпей қалды. Дегенмен, ардагерлердің мектеп оқушылармен кездесуі жүйелі түрде жүргізілуде. Өнер мектебінде, «Достық үйінде» өткен тағлымды шаралардың берері мол. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Ж.Үншібаев атамыз қызмет еткен ғимаратқа ескерткіш тақтайша орнатып, игі істің ұйытқысы болдық. Қаламыздың Құрметті азаматтары Я.Асатов, С.Атабаев, М.Тілеуов, спорт ардагерлері Ә.Молдағалиев, А.Бабин, М.Шағырай белсенділік танытып жас буынға мамандық таңдауда, салауатты өмір сүруде жол сілтеп жүр.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басшылығы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Нұр Отан» партиясы Қарағанды филиалы, «КәсіпҚорған» кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы ретте серіктестерімізге шексіз алғыс білдіреміз.

Ибадулла БАЙБАТЫРОВ,
Батырбек БАЛМҰҚАНҰЛЫ,
Сәтбаев филиалының бюро мүшелері.

Комментарии закрыты.