Құлақ құрышын қандырды

Елімізде жарияланған карантин кесірінен жоспарланған бірқатар шара кейінге шегерілуде. Кейбірі онлайн форматта өтуде. Осындай шара Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында ұйымдастырылды.

Ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығын арқау еткен ерекше форматтағы концерттің басты кейіпкерлері мәдениет және шығармашылық орталығы жанынан құрылған «Кеншілер сазы» фольклорлық ансамблі болды. Бағдарлама әдеттегідей ҚР Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталып, өнер ұжымының өнерімен жалғасты. Кеш барысында ұлттық аспаптар ансамблі Абай Құнанбаевтың әндерін орындап, композитор Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін күмбірлетіп, өнерсүйер қауымның құлақ құрышын қандырды. Осылайша онлайн көрермендерге жоғары көңіл-күй сыйлады.

«Кеншілер сазы» фольклорлық ансамблі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қанат Төлештің қолдауымен 2012 жылы құрылды. Ансамбльдің жетекшісі ҚР мәдениет қайраткері, Қарағанды облысы әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығының игері Байғара Сәдуақасов.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.