Жас таланттар топ жарды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы жанындағы мәдениет және шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен аймақтық «Еркетай» фестивалі өтті.

Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, балдырғандарды ұлттық-рухани тұрғыда тәрбиелеу, дарынды, таланттыларды анықтау мақсатындағы байқау қашықтан онлайн өткізілді. Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, қалалары мен Қарсақбай, Ұлытау, Жезді, Жәйрем елді-мекендерінен бағын сынаған 19 үміткер вокал, 16 ансамбль би номинациясы бойынша бар өнерін ортаға салды. Фестивальге қатысқан барлық балаларға салтанатты түрде бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.