Балабақшадағы кезекші топтардың жұмысы

Сәтбаев облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 мамыр № 17 қаулысының 24 қосымшасына сәйкес 2020 жылдың 1 маусымынан бастап 13 бала бақшада 636 балаға 64 кезекшілік топ ашылды. Бала бақшаларға карантин кезінде кезекші топтарының жұмыстарын бастау алгоритміне сай мобилді топтармен тексеріс жүргізіліп, нысанның дайындығы туралы акті толтырылды.

Әр топта балалардың қабылдануы жеке кіретін есігі арқылы жүзеге асырылады. Балалар саны 10 баламен шектеліп, ұйықтайтын бөлмелерде керуерттер 1 метрден кем емес арақашықтықта орнатылған. Балаларды қабылдау (ауа райы қолайлы болған жағдайда) далада жүргізіледі. Мектепке дейінгі ұйымның жауапты қызметкерлері «таңғы сүзгілер» жұмысын атқарады. Ата-аналар көшеде нәтиже күтеді. Респираторлық аурулардың белгілері болған жағдайда бала балабақшаға барудан шеттетіледі. Балаларды серуендеу алаңдарды оқшаулауды сақтай отырып, әр жастағы топтардың кестесі мен күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау бойынша тағайындалған кезекшілер балаларды ғимаратта қарсы алады және топқа шығарып салады. Балалар учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары болған жағдайда ғана қабылданады.Объектіге кіретін әрбір кіреберісте дезинфекциялық тосқауылдар (кілемшелер) орнатылған. Ойыншықтарды үйден алып, бала бақшаға әкелуге жол берілмейді. «Таңғы сүзгілердің» жұмысын ұйымдастыру: балалар мен жұмыскерлерде кейіннен дезинфекциялаумен термометрия (мүмкіндігінше байланыссыз термометрлер) жүргізу, сондай-ақ респираторлық аурулардың симптомдарының болуына тексеру (нәтижелері туралы журналға белгі қоя отырып, термометрия жүргізу үшін жауапты тұлғаны бекіту), балалардың топтарға және ЖРВИ белгілері бар адамдардың жұмысқа жіберілуін болдырмау үшін жүзеге асырылады. КВИ жоққа шығармайтын персонал және балалар (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, демігу және т.б.) – жұмысқа және келуге жіберілмейді.Медициналық термометрлер пайдаланылған жағдайда оларға сапалы дезинфекциялау жасалады, соңынан – оларды дұрыс сақтау қажет.

Объектіде персоналдың және келушілердің қолдарын өңдеу үшін әр топ үшін қолжетімді орындарда тері антисептиктері орнатылған. Пайдаланылған ойыншықтар күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып жуылады. Ойыншықтарды жууға арналған ыдыс, шүберек және щетка таңбаланады. Жұмсақ ойыншықтар карантиндік іс-шаралар аяқталғанға дейін пайдаланылмайды.

Асхана қызметкерлері (аспаздар және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) жұмысшыларға өз қызметтерін ауысымына кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаппен көрсетеді, персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануы ұсынылады (3 сағатта 1 реттен кем емес маскаларды ауыстыру);

Басшылыққа хабарлайтын, одан кейін медтексеруден өту қажеттігі қарастырылатын және/ немесе тамақ өнімімен операциядан шеттетілуіне ықтимал жағдайлар:

1) сары ауру;
2) іш өту;
3) құсу;
4) дене қызуы;
5) дене қызуы мен тамағының ауыруы;
6) теріде байқалған инфекцияланған жара (күю, сырып алу және т.б.);
7) құлақтан, көзден немесе мұрыннан бөліндінің болуы.

Тамақ өнімдерімен жұмыс істейтін адамдар жеке тазалықтың жоғары дәрежесін ұстануы және тиісті қорғаныш киімін, бас киімді және аяқ киімді киюі керек. Атқаратын функциясына сәйкесінше жеңі ұзын, ашық түсті, сыртқы қалталары жоқ санитариялық киім кию ұсынылады. Мақсаты – өнімнің ластануына, шаштың, шаш талдарының түсуіне, қалтасындағы заттардың тамаққа түсуіне жол бермеу. Санитариялық киіммен өндіріс аумағынан шығуға тыйым салынады!

Кірді жууға қойылатын талаптар

1) кір жуу мекеме жанындағы кір жуу орындарында немесе арнайы кәсіпорындармен жасалған келісім шартқа сәйкес жүргізіледі. Кір жуу орны болған жағдайда балалар және персонал үшін әртүрлі технологиялық ағындар қарастырылады.
2) төсек-орын жабдықтарын (матрац, жастық, көрпелерді) камералық дезинфекциялау осы үй-жайында жүргізілуі тиіс, болмаған жағдайда шартқа сәйкес жүргізіледі.
3) төсек жабдықтарын камералық дезинфекциялау ұйымнан шыққан соң жүргізіледі.

Г.ЖАЛМУРЗИНА.

Комментарии закрыты.