Құрметті денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен медицина қызметкерлері!

Баршаңызды медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Медицина мамандығы әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі. Сонымен бірге ұзақ уақыт оқу да оңайемес. Бірақ бұл жұмыстың берері мол. Сіздер құтқарған адамдардың және олардың жақындарының алғысы мен шынайы күлкісі – нағыз еңбек жемісінің көрінісі. Күнделікті жұмыста сіздер бізге берілген ең үлкен құндылықтар – өміріміз бен денсаулығымызды қорғайсыздар.

Медицина немқұрайлы қарайтын сала емес. Сіздер адамдармен ғана жұмыс істемейсіздер, оларға қамқорлық, мейірімділік танытасыздар. Қиын сәттерде жауапкершілік, жанашырлық көрсетіп көмекке келесіздер.

Қазіргі уақытта коронавирус пандемиясы әлем елдері мен құрлықтарды әбігерге салған кездегі сіздердің жұмыстарыңыз ең ыстық тілектер мен шынайы ризашылықтарға лайық.

Адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жұмыстарыңызға береке, жақсылық әрі сабырлық тілейміз.

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.