Мерзімді әскери қызметке шақыру

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы» жыл сайынғы Жарлыққа қол қойды.

2020 жылы 34 мыңнан астам әскерге шақырылушыларды әскерге шақыру жоспарланды. Осы уақытта ҰҚК Шекара қызметін және Ұлттық ұланды жасақтау жоспарлы түрде жүргізілуде. Осы шақырудың ерекшеліктерінің бірі жүргізу мерзімдері болып табылады. 2020 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 312 Жарлығымен азаматтарды мерзімді әскерге шақыру маусым айынан тамыз айына дейін ұзартылды, өйткені, еліміздегі енгізілген төтенше жағдайдың әрекеті кезеңінде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылды. Бұл ретте әскерге шақырылушылар және Қарулы Күштерін жасақтауға тартылған лауазымдағы тұлғалар арасында коронавирустық инфекцияның енгізілуін және таралуын ескерту, алдын алу шараларын күшейту мақсатында жиын (әскерге шақыру) пункттердің кіреберіс жерлерінде медициналық посттар (фильтрлар) орналастырды. Жас буынды салтанатты шығарып салулар тоқталды. Облыстық медициналық комиссиялар құрамдарына дәрігер-инфекционистер енгізілді.Сонымен қатар, шақырудың негізгі тапсырмасы әскерлерді денесі сау және моральды даярлаған жастармен жасақтау болып табылады. Осыған байланысты, шақыруды жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдар әскерге шақыру және медициналық комиссияларды құрайды, оның төрағасы әкім орынбасары, ал медициналық комиссияның төрағасы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып табылады. Әскерге шақырылушыларды іріктеудің айқындығы үшін, сонымен қатар әскерге шақыру комиссия құрамына ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді. Көрсетілген комиссияның қабылданған шешімінің негізінде біздің жастар әскерге жолданады. Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар, сол талаптар бойынша әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өткеретіні белгіленеді.

Мысалы: Қорғаныс министрлігі Ұлттық университенің әскери-ғылыми взводын жасақтау үшін ІТ мамандықтары, сондай-ақ әскерге шақырылушының денсаулық жағдайы маңызды, ал десанттық әскерлері және арнайы тағайындалған әскерлер үшін бойының параметрлері 170 см төмен емес сияқты әскерге шақырылушының дене бітімі маңызды, спортшыларға талдау беріледі. Алайда, Қарулы Күштер музыканттарға, аспаздарға, жүргізушілерге, байланысшыларға және көптеген басқа мамандықтарға мұқтаж. Әскерге шақырылғаннан және бөлімдерге келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып жас буынға ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зартханалық зерттеу жұргізіледі. Карантин кезінде жас буынға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерделеу, сондай-ақ, бастапқы әскери дайындық жұргізіледі. Әскерге шақырылғандардың бөлігі 6 ай ішінде мынадай әскери мамандықтар бойынша оқуды өтеді. БТР, БМП, танк механик-жүргізушісі, артиллериялық және миноатқыш қаруларының командирлері және көздеушілері, инженерлік қамтамасыз ету мамандықтары, Қарулы Күштер оқу орталықтарында байланыс мамандары. Оқу аяқталысымен олар маман ретінде әскери бөлімдерге жолданатын болады. Бұдан басқа негізгі дағдылардың арасында әскер жас адамдарды тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді және дене күшіне, шыдамдылыққа ие болады. Әскерге берік достастық, бауырластық танылады, әскери қызметшілер топпен жұмыс жасағанды, оқу-жаттығулардағы қиын-қыстау жағдайларда тапсырмаларды орындауға, тез ойлануға және шешім қабылдауға үйренеді, олар әскери қару-жарақты қолдануда, күрделі әскери техниканы пайдалуда техникалық дағдыларға ие болады. Бұл ретте орта-техникалық немесе жоғары білімі бар әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметтің 6 айын өткергеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуге құқықтары бар. Атап айтқанда егер әскерге шықырылушы өзінің өмірін әскери қызметпен байланыстыруды жоспарласа, онда ол келісімшарт бойынша қызметке жарты жылдан кейін-ақ кіре алады!

Мерзімін кейінге қалдыру келесі негіздер бойынша беріледі:
1) отбасы жағдайы бойынша;
2) білімін жалғастыру үшін;
3) денсаулық жағдайы бойынша;
4) басқа себептер бойынша, мысалы:
1) оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;
2) ауылды жерлердегі дәрігерлерге;
3) олардың құзірет мерзімдерінде Парламент немесе жергілікті уәкілетті органның депуттарына;
4) тергеу астындағы тұлғаларға;
5) азамматтық әуе кемелерінің ұшу экипаждарының мүшелері, азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне;
6) кеме экипаждарының мүшелеріне;
7) құқыққорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіби дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.

Маңызы аз емес жаналықтың бірі мерзімін кейінгі қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылардың санаттары кеңейтілді. Атап айтқанда мерзімін кейінгі қалдыру енді қосымша берілді:
– оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;
– құқыққорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.

Әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлігінде барлық сұрақтар бойынша кеңес жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымды тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақ бойынша түсініктеме береді. Кеңесті Қорғаныс министрлігінің сайтындағы телефондар арқылы алса болады.

Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейне-бақылау жүргізіледі. Казарманың әр жайғасу орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамының, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қол жетімді сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалар туралы әр уақытта оларға қонырау шалуға немесе СМС – хабарлама жолдауға мүмкіндік бар.

Сәтбаев қаласының
Қорғаныс бөлімі.

Комментарии закрыты.