«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші бағыты «техникалық және кәсіптік білім беру және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту». Бұл бағыттың мақсаты – жұмыссыздарды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету. Қысқа мерзімді оқуды бітірген азаматтар өз мамандықтарымен тұрақты жұмысқа жіберіледі. Қатысамын деп ниет білдірушілерге Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығына келіп, оқуға жазылуына болады.

Екінші бағыт «кәсіпкерлікті дамыту» келесі міндеттерді іске асыруды қарасырады: кәсіпкерлік негіздерін оқыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, қалалар мен ауылдардағы несиелер / микрокредиттерді кепілдендіру. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға зор мүмкіндік беретін өтеусіз және қайтарымсыз 200 АЕК көлемінде Мемлекеттік гранттар алуға шақырамыз.

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағдарламаның үшінші бағыты жұмыспен қамтуға, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға және қоғамдық жұмыс-
тарды ұйымдастыруға бағытталған.

Жастар тәжірибесі білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында 29 жастан аспаған тұлектер үшін ұйымдастырылды. Бұл жас маман иелері үшін үлкен мүмкіндік.

Біздің орталықта ұзақтығы 12 айдан аспайтын әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Бос орын пайда болған кезде қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін, жұмыс берушінің бастамасы бойынша бағдарламаға қатысушының тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

18 жасқа толған студенттерді жазғы демалыс кезінде алдын ала даярлықты талап етпейтін және әлеуметтік пайдалы бағыты бар қоғамдық жұмысқа қатысуға шақырамыз.

Құрметті Сәтбаев қаласының жұмыс іздеушілері мен жұмысқа мұқтаж тұрғындары! «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қала аумағында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жұмыс орындары ашылды. Жалақы мөлшері 85 000 теңгеден төмен емес. Барлық сұрақтар бойынша Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі 148 мекен-жайындағы Жұмыспен қамту орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.

«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ.

Комментарии закрыты.