Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кəсіби мерекелеріңізбен – Қазақстан Республикасы баспасөз, теледидар жəне радио күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кəсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары халық пен билік арасындағы алтын көпір іспеттес. Сондықтан, оқырмандар мен көрерменнің, тыңдарманның алдында адал болудың жөні бөлек. Сіздердің азаматтық белсенділіктеріңіз ішкі тұрақтылық пен бірліктің кепілі.

Осындай үлкен міндеттерді абыроймен орындап, маңызды əлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға үлес қосып келе жатқандарыңыз жəне тынымсыз кəсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Тамаша мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, өздеріңіз бен жақындарыңызға бақыт тілейміз! Кəсіптеріңізге – өрлеу, шығарма-шылықтарыңызға – сəттілік, еңбектеріңізге – табыс жəне халқымыздың рухани сұранысын сусындататын туындылардың көп болуына тілектеспіз!

Мереке құтты болсын!

Сəтбаев қаласының əкімі Б.Д.Ахметов. Қалалық мəслихаттың хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.