Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Бүгінгі күні шынайы бұқаралық ақпарат билігі қоғамды басқаруда барған сайын маңызды бола түсуде. Қоғамдық пікірді, саясатты, экономиканы қалыптастыруда және тұтастай алғанда перспективалық дамудың стратегиялық бағыттарын анықтауда БАҚ-тың әсер-ықпалын бағаламау мүмкін емес.

Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдары көп қырлылығы билік пен жұртшылық арасындағы тиімді байланысты жүйелеуге, адамдардың нақты проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін әр түрлі ойлар мен көзқарастарды көрсететін өзіндік пікірталас алаңына айналды. Бұл ретте журналистің адал, шынайы және сергек ұстанымы маңызды. Қай кезеңде де қалам мен сөздің қалаулы шеберлері жоғары кәсіби деңгейімен және айқын азаматтық көзқарасымен ерекешеленеді. Олардан оқырман әрдайым анықтық пен пайымдылықты күтеді. Мұндай ізгі қасиеттердің сәтбаевтық журналистер қауымдастығының үздік өкілдеріне тән екендігі күмәнсіз.

Біздің қаламыздың ақпараттық кеңістігінде бұқаралық ақпарат құралдары белсенді түрде еңбек етуде, олардың сапында журналистер мен баспагерлердің көпшілікке танымал тобы қызмет етеді.

Сіздердің кәсіби қызметтеріңіз алдағы уақытта да біздің өңіріміздің оң келбетін қалыптастыруға, оның әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсетуге, қоғамдағы келісім мен топтасқандықты нығайтуға бағытталатындығына сенемін.

Құрметті достар!

Бұл мереке күні мен сіздерге жақсы денсаулық, өздеріңіздің шығармашылық еңбектеріңіздің кейіпкерлері мен өмірге ойлы ұстанымдарыңызды тілеймін.

Біздің аймағымызда орын алып жатқан маңызды оқиғалар мен көріністер, сәтбаевтықтардың ілкімді істері мен қимылдары жалпы жұртшылықтың игілігіне айнала берсін.

Сіздерге шын жүректен батыл идеялар, табысты жобалар, шығармашылық жетістіктер және кәсіби еңбектеріңіздің өрлеуін тілеймін!

Құрметпен Абулаис МУЛАКОВ,
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесінің Сәтбаев филиалының басшысы.

Комментарии закрыты.