Құрметті Сәтбаев қаласының мемлекеттік қызметшілері! Қадірлі мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері!

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жезқазған аймақтық филиалы атынан Сіздерді еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Халыққа қызмет ету дегеніміз, бұл – абыройы биік, жауапкершілігі өте зор қызмет. Ұлт жоспарын іске асыру үшін, ең алдымен, мемлекеттік қызметті дамытуымыз керек. Мемлекеттік қызметтің нығаюы, қоғам мен мемлекеттің өзгеруіне, ең бастысы саясаттың сабырлы әрі салмақты болуына тікелей әсер етеді. Мемлекеттік қызметші – халықтың сенім артқан тұлғасы. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы, мемлекет басшысының жергілікті жердегі өкілдері. Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет. Әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға, ынтымақтастық орнатып, оны нығайтуға, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіптік одағының дамуына зор үлес қосып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауда бірлескен еңбегіміз өз нәтижесін беріп келеді.

Пандемия кезінде жұмыс беруші мен жұмысшылардың бірлесе әрекет еткеніне риза болдым. Елімізді қауіпті ауру жайлаған кезде әкімшіліктің барлық бөлімдері жұмылдырылып, абыройлы қызмет етті. Тәулік бойы індетпен күрестің тізгінін ұстап жүрген мемлекеттік қызметкерлерді ерекше атап өткім келеді. Бірі блок-бекеттерде, бірі карантиндік тәртіпті қадағалауда. Табандылықтарына, төзімділіктеріне қайран қаламын. Бұл мүмкін өздеріне күнделікті атқарып жүрген қызмет болып көрінер… Бірақ, мүлдем олай емес. Бұл орасан еңбек. Мекеме басшылары елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде қауіп пен қиындыққа қарамай, ауызбіршілік пен жауапкершілік танытып, бірде-бір жұмыскердің жұмыстан шығып қалмауына үлкен септігін тигізіп, заңда көрсетілгендей, ұжымдық шартта белгілегендей кәсіподақ мүшелерінің барлық құқықтарын сақтауда орасан зор еңбек етті. Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік қызмет саласының кәсіподақ мүшелері, әрі әлеуметтік әріптестер Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлы бастаған әкімшілік аппарат ұжымы, бөлім басшылары, ұжымдағы қызметкерлердің әрқайсының жағдайын кәсіподақ ұйымымен бірлесе қадағалап, жұмыс орнын сақтап, қызметкерлердің жаппай жұмыстан шығарылуын болдырмауға, еңбек заңнамасының, ұжымдық шарттардың сақталуын бақылауда зор жауапкершілік танытып, еңбек етуге қолайлы барлық мүмкіндіктер жасады. Аумақтық кәсіподақ ұйымы атынан алғысымызды білдіреміз. Дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға жеміс, елімізге бақ-береке тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Р.КОЖАБАЕВА,
«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жезқазған аймақтық филиалының төрайымы.

Комментарии закрыты.