Қоғамның қырағы сақшылары

1992 жылдың 23-і маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңын қабылдады. Осы Заңның негізінде Қазақстан полициясы құрылды. Жиырма жасқа енді толған бұл органның бүгінгі таңдағы қоғамның тыныштығын сақтаудағы үлесі қомақты. Отыз жылға таяу тарихы бар Сəтбаев қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тəртіптің қырағы сақшыларына айналды. Полицияның құрылғанына 20 жыл толуы мен орган қызметкерлерінің 23 маусым кəсіби мерекелері қарсаңында бөлім бастығы, полиция подполковнигі Жандос Қалқаманұлы ҚАРАБЕКОВПЕН сұхбаттасқан едік.

– Жандос Қалқаманұлы, Қазақстан полициясы жиырма жылдың ішінде қандай деңгейге жетті деп ойлайсыз?

– Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан көп табысқа қол жеткізді. Тəуелсіздіктің іргетасы қаланып, əлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңғыру мен əлемдік деңгейде бəсекелестік қалыптасты. Елдің тыныштығын сақтау жолында еңбек етіп келе жатқан Ішкі істер министрлігіне қарасты полиция қызметкерлері де бəсекелестікке қабілетті бола алатындай деңгейге көтерілді. Бастапқыда міндеті көп бұл салаға реформалар келді. Əлем елдерінің көбі полиция атауына енді көшіп жатса, Тəуелсіздік жылдарының алғашқы сəтінде-ақ, Елбасы Жарлығымен милиция органдарының атауы полиция болып өзгертілді. Алғашқы жылдармен салыстырғанда қазір ашықтық, жариялылық басым. Артық салмақтан арылған ішкі істер органдарының жүйесін əкімшілік, криминалдық, əскери, көшіқон, жол, күзет полициялары құрап отыр.

– Ағымдағы жылдың 8 сəуірінде мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл сынға біздің тəртіп сақшыларының дайындығы қандай?

– Еліміздің тарихында алғашқы рет құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық əлеуетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл ауқымды іс-шарадан 110 мыңға тарта адам аттестациядан өтпек. Президент Н.Ə.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында құқық қорғау органдарын сапалы кадрлық жаңарту мəселесін шешу, барынша қысқа мерзім ішінде оның бүкіл жеке құрамын қайта аттестациялаудан өткізу туралы нақты нұсқау берді. Кезектен тыс аттестаттау жөніндегі жұмыстар үш сатыдан өткізіліп, оны жыл аяғына дейін аяқтау міндеті тұр. Мамыр-маусым айындағы бірінші сатыдан Жоғарғы аттестациялық комиссияның аттестаттауына жататын қызметкерлер өтіп жатыр. Одан құқық қорғау органдары басшылары мен орынбасарлары, ведомстволар мен аумақтық бөлімдердің басшылары, орынбасарлары, жоғарғы оқу орындарының басшылары өтуде. Маусым-тамыз айларында өтетін екінші сатының сынағынан өңірлік органдардың жеке құрамдары, ал маусым-қараша айларындағы сынақтан аумақтық органдардың жеке құрамдарының мамандары аттестацияланады. Орган қызметкерлері тест сұрақтарынан өтеді. Одан кейін Заңнамаларды білуі сынаққа алынады. Психологиялық тұрғыдан тексеріліп, спорттық дайындығы пысықталады.

Бұл сынақтан мүдірмей өту үшін біздің бөлімнің қызметкерлері қызу дайындық үстінде.

– Енді бөлімнің жұмысына, мұндағы мамандарға ойыссақ.

– Біздің бөлімде қазір 200-ден аса қызметкер жұмыс істейді. Бөлім бірнеше бөлімшелерден тұрады. Атап айтар болсақ, кезекші бөлім, штаб, криминалдық полиция бөлімшесі, жеке криминалдық бөлімше, анықтау жəне тергеу бөлімшелері, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бөлімшесі, кəмелетке тол мағандар істері жөніндегі топ, патрульдік полиция ротасы, көші-қон полициясы, жол полициясы қызмет жасайды. Сондай-ақ, бөлімге Жезқазған кентіндегі полиция бөлімшесі де қарасты. Қоғамдағы тыныштықты сақтау жолында аянбай еңбек етіп, қылмыстың алдын алу мен тергеуде, оны анықтауда мол үлес қосып келе жатқан майталман мамандармен қатар жастар да еңбек етуде. Бөлім бастығының орынбасарлары – полиция майоры Мадияр Менісов, полиция подполковнигі кейінгі мамандарға өзінің өнегелі ісімен үлгі болатын Аманжол Каримов, полиция капитаны Жандос Мыңбаев, штаб бастығы, полиция капитаны Арман Əбілқасымов, кезекші бөлімнің бастығы, полиция капитаны Пазыл Дүйсенбаев пен анықтау бөлімінің

бастығы Құрман Əбжанов, кəмелетке толмағандар істері жөніндегі тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Гүлнар Жалмұрзинова мен тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары Сағынған Атығаев, тергеушілер Думан Байкенжин, Дамир Сейдалин, жедел уəкіл Алмаз Хамитов сынды көптеген мамандар бөлімнің бетке ұстарлары.

– Сіздің ойыңызша полиция қызметкерлері қандай болуы керек?

– Ең əуелі полиция қызметкерлері адами тұрғыдан адал, шыншыл болуы керек. Өз ісін бүге-шігесіне дейін меңгерген, жан-жақты білімді болуы қажет. Алдына келген азаматтардың мəселесін шешіп бере алатындай деңгейде қызмет көрсетуі – басты міндеті.

– Жандос Қалқаманұлы, төл мерекелеріңіз қарсаңында əріптестеріңізге айтар тілегіңіз болса.

– Бейбіт елдің берекесін берік ұстауда еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерін кəсіби мерекелерімен құттықтай отырып, отбастарына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Алдағы сынақтан мүдірмей өтіп, қоғамның тыныштығын сақтауға үлес қоса берейік.

– Əңгімеңізге рахмет!

Əңгімелескен Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.