Құрметті Байланыс және ақпарат қызметкерлері! Қымбатты ардагер журналистер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында интернет байланысы, баспасөз басылымдары халықты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары ықпал етудің мықты тетігі болып табылады.

Қаламыздың руханиятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйіншілейтін біздің ең жақын серігіміз – жергілікті «Шарайна», «Вечерний Сатпаев» газеттері мен «AQSHAM» телеарнасы. Олардың өңіріміздің рухани шамшырағы, ғұмыр айнасы екені баршамызға белгілі. Қала көлемінде болып жатқан саяси-мерекелік шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз осы басылымдардың бетінде жарық көруі, телеарнадан көрсетілуі тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда.
Алыс-жақын ел тұрғындарын бір-бірімен байланыстырып, ақпарат саласындағы жаңа технологияларды жетік меңгеріп, уақыт ағымынан қалмай, халыққа заманауи әрі сапалы қызмет ұсынып отырған байланыс саласы қызметкерлерінің қоғамдағы орны ерекше. Нақты адами ұстаным мен болып жатқан жайтқа бей-жайлық танытпай, мақсатқа жетуге ұмтылу – сіздердің мамандықтарыңыздың ерекше қыры.

Сіздерді төл мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.