Марапатқа толы мереке

Кəсіби тұрғыда бейбітшілік мақсатқа ғана қызмет ететін мəртебелі мамандық иелерінің бірі – адам жанының арашашысы атанған медицина саласының қызметкерлері. Олар жүрек қалауымен өздеріне ғана тəн мейірімділік пен сезімталдық таныта науқастарды сауықтырып, өмір сүруге жетелейді. Осы ақ желеңді абзал жандарға төл мерекелерінде үлкен құрмет көрсету қаламызда дəстүрге айналған. Сол салтанат биыл да жалғасын тапты. Ш.Ділдебаев атындағы ғимаратта медицина саласының қызметкерлерін құттықтауға қала əкімі, орынбасарлары, қалалық мəслихаттың депутаттары, мекеме басшылары жəне жалпы жұртшылық жиналды.

Ақ халатты абзал жандарды құттықтау жəне марапаттау үшін алғашқы сөз қала басшысы Батырлан Ахметовке берілді.

– Бүгін медицина қызметкерлерінің алдында үлкен міндеттер тұр, оның бірі – мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, медициналық қызмет көрсету сапасы мен халықтың денсаулығын арттыру. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда атқаратын еңбектеріңіз орасан зор. Осындай ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз, ізгілік қасиеттеріңіз бен кəсіби шеберліктеріңіз үшін сіздерге шынайы алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз, – дей келе Батырлан Дүйсенбайұлы Сəтбаев қаласы əкімінің Алғыс хатымен жəне естелік сыйлықпен денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттады. Олардың ішінде көп жылдар бойы осы салаға еңбектері сіңген Құттыбек Бексеитова, Лидия Кочкина, Ираида Нагаева, Айша Сагидуллаева, Тамара Янкова тағы басқалар бар.

Өздерінің төл мерекелерінде Сəтбаев қаласы емханасының терапевтік учаскелік қызметінің меңгерушісі Қалдыгүл Табанова мен травматолог-реабилитолог дəрігер Сансызбай Муфтахиденовке Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған аймақтық өкілеттігінің бас маманы Бəтима Айтпаева «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгісін табыс етті.

Мереке қарсаңында «Қазақмыс» корпорациясы дəрігерліксанитарлық бөлімінің бас дəрігері С.Нысанбаев Қарағанды облысы əкімінің Құрмет грамотасына ие болды. Сондай-ақ, бір топ медицина қызметкерлері қаланың саяси-қоғамдық өміріне белсене қатысқаны жəне қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбегі мен шығармашылық үлестері үшін қалалық мəслихаттың хатшысы С.Имамбайдың, «Нұр Отан» ХДП Сəтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дəрібаевтың жəне қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары А.Фадеевтың қолынан грамоталар мен естелік сыйлықтар алды.

Сонымен қатар, дəрігерлерді Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кəсіподағы Жезқазған қалалық филиалының төрағасы Амангелді Тлепов жəне «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің нысандарды бақылау бөлімі бастығының Жезқазған аймағы бойынша орынбасары Тоғызбай Тəжбенов құттықтады. Тоғызбай Əбсаматұлы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огайдың атынан құттықтап, корпорацияға қарасты барлық медицина мекемелерінің қызметкерлеріне ақшалай сыйлық тапсырды. Мұнымен бірге, Серік Нысанбаевты «Қазақмыс» корпорациясы атынан Құрмет грамотамен марапаттады.

Осыдан соң, мерекелік кеш «Кəсібіне деген беріктігі үшін», «Үздік маман», «Жан ізгілігі», «Үміт бастауы» номинациялары бойынша жеңімпаз атанған қызметкерлерге диплом мен қала əкімінің сыйақысын табыстаумен жалғасты.

«Жыл дəрігері – 2012» атты бас номинацияның иегері қалалық емхананың басшысы Əлия Қоңыроваға Батырлан Ахметов диплом мен 70 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты табыс етті.

Марапатқа толы абзал жандарға арналған мерекені жергілікті өнерпаздар əнмен əрлеп, күймен көркемдеді.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.