Облыстық насихат тобы сəтбаевта

Өткен аптада Б.Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапханада облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың биылғы жылғы «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мəселелердің жүзеге асу жайын талқылаған жиын өткізді.

Жолдау аясында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын Қарағанды облысы қаржы басқармасы бастығының орынбасары Ольга Чернявская, облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті департаменті директорының орынбасары Гүлнар Кəбдікəрімова мен облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасы жол инфрақұрылымының жұмыс істеу жəне дамыту бөлімінің бастығы Ержан Түсіпов баяндады.

Еліміздің алдағы онжылдықтағы даму көкжиегін айқындап беретін Жолдаудағы он бағытқа жеке-жеке тоқталған баяндамашылардың баяндамасынан Жолдау жолдарының жүзеге асып жатқанына көз жетті.

– Елбасы Жолдауы – ел дамуының басты стратегиялық құжаты. Осы Жолдаудың негізінде көтерілген мəселелер жылма-жыл шешіліп келеді. Былтырғы жылы пилоттық жүйеде жүзеге асырылған «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы нəтижесін беруде. Биылғы жылы да бағдарламаны жүзеге асыру қарқынды жүруде. Бұл бағытта кеншілер қаласында да айтарлықтай жұмыстар жүзеге асырылуда. Ендігі міндет – осы бағдарламамен қоса «Қол жетімді баспана» бағдарламасын нəтижелі атқару қажет, – деп атап өтті О.Чернявская.

Ақпараттық-насихат тобының мүшелері кездесу барысында жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.