Бабалар алдындағы парыз

Бағаналы-Найман Ибескіден тараған Тоғызауыл руы бүгінде Арқа аймағына кеңінен қоныстанған. Əсіресе, ата қоныстары алып металлургияның отанына айналған Қарсақбай кентінде түтін түтетіп отыр.

Рудың аға буыны бабаларының кім болғандығын, олардың өз дəуірінде қазақ еліне қосқан үлестерін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында «Бəреке» қыстағында ас берді.

Қыстаққа жағалай 9 киіз үй тігілді. Еліміздің алыс-жақын жерлерінен рудың үлкен-жасы бабалар рухына құран бағыштауға жиылды.

Аймақтың игі жақсылары аста Тоғызауыл руының арғы-бергі тарихынан сыр шертсе, жастар жағы ұлттық ойындардың бел ортасынан табылды. Қазақша күрес десе делебесі қозатын палуандар бозкілемде белдесті.

Бір сөзбен айтқанда, Тоғызауыл руының ұрпақтары бабалар алдындағы ұрпақ парызын өтеді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.