Бала шақтан – болашаққа

Ағымдағы жылы қала мектептерінен 442 оқушы үлкен өмірге жолдама алды. Оның 309-ы Бірыңғай ұлттық тестке қатысып, білімдерін сынға салды. Жылдағы дəстүрге сай мектеп түлектеріне арналған мектеп бітірушілердің балы жақында əкімдік алдында өтті. Бала шақтан болашаққа бет алған жастарға арналған салтанатты сəт мектеп бітірушілердің əнұранымен ашылды.

Алтын ұя мектептерінен түлеп ұшқан түлектерге қала əкімі Батырлан Ахметов құттықтауын жеткізіп, қалалық білім, дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің бастығы Шынар Жанасылова «Алтын белгі» иегерлері, С.Сейфуллин атындағы гимназияның түлектері – Айжан Молдағалиева, Бағдат Нұрмұханбетова, Нұргүл Тоқжановаға жəне Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің түлегі Марғұлан Сабыровқа, ерекше үлгідегі аттестат иегерлері – Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің түлегі Əділет Исмайлға, №1 мектеп-гимназияның түлегі Сая Қиянбекке, №16 орта мектептің түлегі Жандос Тлешовке, №25 орта мектептің түлегі Мария Диденкоға Құрмет грамотасы мен ақшалай жəне заттай сый-сияпат тапсырды. Сондай-ақ, бірыңғай ұлттық тестте 100 жəне 100-ден жоғары балл алған 17 жас түлекке қала əкімі Алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырды.

«Қазақмыс» корпорациясы «Нұр Отан» ХДП Қарағанды филиалының аппарат жетекшісі Болатбек Жақсыбек мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, білімі мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан бір топ жасқа филиал төрағасының Алғыс хаты мен ақшалай сыйлығын тапсырды.

2002 жылдан бері қалалық білім, дене шынықтыру жəне спорт бөліміндегі «Алтын кітапқа» есімдері енген түлектердің қатарын биылғы жылы 26 түлек толықтырды.

Қалалық мəслихаттың хатшысы Серік Имамбай, қала əкімінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары білімдерімен қатар өнерде, спортта жеткен жетістіктері бар жас түлектерге номинациялар тапсырды.

Білім ұясынан қанат қағып, сан тарау жолға түскелі тұрған аға-апаларына ініқарындастары, сіңілілері сəттілік тілеп, жарлық оқыды.

«Алтын белгі» иегерлері Марғұлан Сабыров пен Айжан Молдағалиева мектеп қабырғасында білімнің кəусар бұлағын ашқан ұстаздарының берген тəлімтəрбиесін алдағы өмірлеріне азық ете отырып, ел дамуына үлес қосатындықтарын жеткізді.

Жас түлектерге арналған салтанатты кеш жас түлектердің «Вальс» билеуімен шарықтау шегіне жетті.

Жолдарың болсын, жас достар!

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.