Құрметті жерлестер жəне қала қонақтары!

Сіздерді шын жүректен Елордамыздың туған күні – Астана күнімен құттықтаймыз!

Астана күні – барлық қазақстандықтарды зор қуанышқа бөлейтін, үлкен арман, үміттерге жетелейтін мемлекеттік мерекелердің бірі. Астана – Қазақстанның жаңа қарқынды дамуының нышаны, бастамасы. Астананың құшағын айқара ашқан даңғыл жолдарын, мəртебелі зəулім сарайларын, тұрғын жəне ойын-сауық кешендерін көргенде тек Елорда үшін ғана емес, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарқын идеясын жүзеге асыра білген қазақстандықтар үшін де көкірегіңді мақтаныш сезімі билейді.

Əлемнің ең жас астанасы – Астана қаласы жыл санап жаңарып, Қазақстан тұрғындарымен қатар шетел азаматтарының да назарын өзіне аударуда. Жаңа астананың Еуропа мен Шығыс мəдениетінің озық дəстүрлері ұштасқан сəулет мəнері оның экономикалық, саяси жəне мəдени орталық ретіндегі келбетін айқындайды. 1999 жылы Юнесконың «Əлем қаласы» сыйлығын иеленген Астана бұл күнде «қазақстандық брендтің» маңызды бөлігі жəне алдағы уақытта əлемнің 30 үздік қаласының қатарына қосылуына үлкен негіз бар деп айтуға болады.

Қазақстан мен Астананың болашағын ажыртып қарау мүмкін емес. Кеше ғана «жаңа астана» деп қабылданған Елорда бүгін Қазақ елінің жаңа бейнесінің көрінісі болып табылады.

Баршаңызды Астана күні меркесімен құттықтай отырып, Елордамыз –Астана гүлденіп, қазақстандықтардың ырыс-берекесі арта берсін деп тілейміз! Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Сəтбаев қаласының əкімі Б.Ахметов. Қалалық мəслихаттың хатшысы С.Имамбай.

Комментарии закрыты.